Міндетіміз – сапалы әрі қауіпсіз білім беру үдерісін қамтамасыз ету. Осы мақсатта мектептің Қамқоршылық кеңесі асхана мен тағам даярлау блогының жұмысын ай сайын тұрақты түрде тексеріп отырады.
Бұл бақылаудың маңызды бөлігі болып табылады және мыналарды қамтиды:
✔️ Ғимараттардың және жабдықтардың санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру.
✔️ Шикізат пен дайын өнімнің сақталу талаптарына баға беру.
✔️ Тағамдарды дайындау стандарттарының сақталуын бақылау.
Мектеп өміріне белсенді атсалысып жүрген Қамқоршылық кеңесіндегі ата-аналарға алғыс білдіреміз.






